Өзбекстанда түрмедегі әйелдерге қашықтан оқып, кәсіпті меңгеруге мүмкіндік берілмек. Бұл жөнінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара кезінде мәлімдеді. Мемлекет басшысының сөзінше, жазаны атқару мекемесінде қазір 2589 әйел жазасын өтеп жатыр, 1239-ының орташа білімі бар, бірақ кәсіп меңгермеген. 443 әйел жоғары оқу орнында оқығылары келетінін айтқан. Оларға арналған "Жаңа өмір" атты бейімдеу бағдарламасы іске қосылады. "Түрлі жағдайда...